Мұны елдің Тергеу комитеті мәлімдеп отыр. Ұсталғандардың ішінде осы тасты өндірген компанияның бір қызметкері бар. Күдіктілерден салмағы 2 мың карат тартатын - 500-дей өңделмеген алмаз бен 11 гауһартас тәркіленді.
Олардың жалпы құны - үш миллион долларға бағаланып отыр. Сонымен қатар, рейд кезінде екі миллион доллар мен 500 мың еуро және әшекей бұйымдар, қымбат сағаттар табылды.
Үш адамға да айып тағылды. Олар тергеу аяқталғанша, қамаудан босатылмайды.
Арыстан РЫСБЕК