Соңғы деректер бойынша, қаза тапқандар саны 28-ге жетті. Олардың екеуі – экипаж мүшелері. Мамандардың айтуынша, су көлігінің ескі болуы және апат барысында қатты зақымдануы – құтқару жұмыстарын біршама баяулатқан. «Русалка» катері 70 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келіпті.
Айта кетсек, мамырдың 29-да Дунай өзенінде екі экскурсиялық су көлігі соғылып, оның біреуі суға батып кетті. Зардап шеккен катер бортында болған 35 адамның 33-і - Оңтүстік Корея азаматтары. Апаттан олардың жетеуі ғана тірі қалды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ