Гонконгте жүздеген адам мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын қоршап алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте жүздеген адам мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын қоршап алды

12.06.2019

Шерушілер жолдарды бөгеуге кірісті. Осылайша, олар айыпты деп танылған адамдарды Қытайға экстрадциялауға наразылықты жалғастырып жатыр. Жергілікті әкімшілік бұл мәселені бүгін ашық талқылай бастайды.

Негізінен, жастардан құралған демонстранттар бөгеттерді құлатып, Заң шығару кеңесінің ғимаратына кіруге әрекеттенді. Алайда, полицейлер оларды ішке енгізбеді.

Британия, Гонконгті Қытайға 1997 жылы қайтарды. Содан кейінгі елу жылда әкімшілік аудан өзінің әлеуметтік, заңдық, саяси жүйесін сақтауы тиіс еді. Бірақ, Бейжіңдегі Коммунистік партия ол ережені өзгертуге күш салып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу