Бұл – жәндіктердің соңғы 70 жылдағы ең ірі шабуылы. Дәнді дақылдардың қауіпті жауы 2000 гектар алқапты құртып үлгеріпті. Және де олар малға арналған жем-шөпті де жалмауға кіріскен.
Сондықтан, жергілікті диқандар мен фермерлер биылғы өнімнің ойдағыдай болатынына алаңдаушылық білдіріп отыр.
Шегірткелер бір айдың ішінде көбейіп, алқаптармен қатар тұрғын үйлерді да шабуылдап жатыр. Ал, жергілікті билік олармен күресудің жолын таппай отыр.
Арыстан РЫСБЕК