Ресей астанасында қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей астанасында қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылды

14.06.2019

«Самоварфест» деп аталатын фестиваль кезінде, ТМД елдерінің әрқайсысы өздерінің ұлттық ерекшеліктерін жан-жақты көрсетуге тырысты. Мәселен, Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі, арнайы шатыр құрып, қазақ қолөнер шеберлері мен суретшілерінің көрмесін өткізді.

Жергілікті жұрт, әсіресе, зергерлік бұйымдар мен киізден жасалған тұрмыстық заттарды ерекше ықыласпен тамашалады. Шара кезінде, мәскеуліктер қазақтың ұлттық тағамдарымен танысып, ыстық бауырсақтан да дәм татты. Содан соң, шағын концерт өтіп, ортаға мың бұралған бишілер мен күйшілер шықты. Ал, әртүрлі ұлттың балалары Қазақстан жайлы білімдерін сынап, түрлі байқауларға қатысты.

Айгүл Жансерікова, «Qazaq-Oner» шеберлер орталығының жетекшісі:

Халықтың қызығушылығы өте күшті. Қазақтың тағамы болсын, Қазақстанда жасалған қолөнер бұйымдары болсын бәріне қызығып жатыр. Осы Мәскеудегі, бұрын Қазақстанда тұрған елдің бәрі келіп, қуана-қуана осы бұйымдарды айып жатыр. Біздің жұмысымызға комлимент айтып жатқаны біз үшін өте керемет.

Екатерина Маренова, көрермен:

Барлығы керемет ұйымдастырылған екен, фестиваль маған ұнады. Бұл жерде көптеген ұлттың мәдениеті таныстырылып жатыр. Бұл біздің өзара достығымызды, бірлігімізді арттырады деп ойлаймын.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу