Мұнай бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы өсті

14.06.2019

Әлем нарығында Brent маркалы мұнай бағасы бірден 4 пайызға өсіп, 62,5 долларға жетті. Нью-Йорк қор биржасында Техас штатында өндірілетін энергетикалық шикізаттың WTI сұрыбының құны 3,25 пайызға көтеріліп, 52 доллардан асты. Бұл – қаңтар айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. «Қара алтын» нарқының күрт өзгеруіне - Оман бұғазындағы оқиға себепші.

Айта кетсек, кеше таңертең Иран жағалауына жақын маңда екі мұнай танкеріне шабуыл жасалды. Соның салдарынан, борттағы мұнай-химия өнімдері жанып, жүк көліктерінің бірі суға батып кетті. Оқиғадан кейін, АҚШ арнайы барлау жүргізгенін айтып, шабуыл үшін Ислам Республикасын кінәлады. Алайда, Тегеран өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу