Кейбір сарапшылардың ойынша, оның қымбаттауына «Фейсбук» әлеуметтік желісі таяуда өзінің криптовалютасын шығарады деген мәлімет себепші.
«Фейсбук» «Либра» деген электрондық ақшасын 2020 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Ол доллар, еуро тәрізді валюталармен қамтамасыз етілмек.
Бұл төлем құралын әлемде миллиардтаған адам қолданатын болса, өзге криптовалюталарға да қызығушылық артады деген үміт бар. Осыған байланысты биткоинның бағасы соңғы жарты жылда 2,5 есеге өскен.
Арыстан РЫСБЕК