Германия астанасының басшылығы халықтың көп жылдан бергі талабын орындауға мәжбүр болып отыр. Айта кетсек, бұған дейін Берлинде сан мың адам шеруге бірнеше рет шығып, үй жалдау бағасының 2008 жылдан бері екі есеге өсуіне наразылық білдірді. 1990 жылы екі Германия біріккеннен кейін Берлинге әртістер, музыканттар, студенттер, мигранттар көптеп барды. Содан бері жыл сайын бұл қалаға 40 мыңдай адам қоныс аударып отырған. Осының нәтижесінде баспана құны артты.
Берлин тұрғындарының 85 пайызы үйді сатып алмай, оны жалдап тұрады. Дегенмен статистикалық зерттеулерге қарағанда, мұнда баспана жалдауға кететін шығын Париж бен Лондонда пәтерақыға жұмсалатын ақшаның жартысына да жетпейді.
Арыстан РЫСБЕК