Осы сәтте оның айналасында түрлі-түсті балықтар қалықтап жүреді. 42 жастағы талант су түбіне құрал-жабдықтарын алып, акваланг киімімен түседі.
Ол бостандық аралына және шетелге ақ-қара түсті картиналарымен танылды. Гонсалес ерекше кәсіппен алты жылдан бері айналысып келеді. Оның барлық құралдары су өтпейтін материалдан жасалған.
Суретшінің ойынша, өнердің бұндай түрі әлемде жоқ. Сондықтан, Гонсалес Куба үкіметін теңіздегі бейнелеу өнерімен айналысатын департамент құруға және бұл істі жастардың дамытуына, әрі қарай жалғастыруына жағдай жасауға шақырып отыр.
Арыстан РЫСБЕК