Интерполдың бұрынғы Президенті Мэн Хунвэй Қытайда өткен сотта қылмысын мойындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интерполдың бұрынғы Президенті Мэн Хунвэй Қытайда өткен сотта қылмысын мойындады

20.06.2019

Мұның алдында оған 14 жарым миллион юань немесе 2,11 миллион доллар пара алды деген айып тағылды. Үкім бүгін шығуы керек.

Өткен жылы қазан айында Мэннің әйелі күйеуінің Қытайға барып, жоғалып кеткенін хабарлады.

Содан кейін Интерпол өз басшысының отставкаға кеткенін мәлімдеді. Қытай басылымдарының хабарлауынша, Мэн қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары және теңіз күзетінің жетекшісі болған кезде де қылмыс жасаса керек.

Дегенмен, Франциядан саяси баспана алған жұбайының айтуынша, Мэнге тағылған айыптардың саяси астары бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу