Бейжің-Париж халықаралық 7-ші ретро-раллиіне қатысушылар Қостанайға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің-Париж халықаралық 7-ші ретро-раллиіне қатысушылар Қостанайға келді

24.06.2019

Орталық алаңға аялдаған әлемнің 30-дан астам елінің 100 шақты автокөлігін қала тұрғындары тамашалады. Шеруге қатысушылар, Қазақстан аумағымен биыл бірінші рет жүріп өтті. 1907-1976 жылдары шығарылған, бағасы миллион долларға дейін жететін автокөліктер шеруі - 2 маусым күні Бейжіңен басталды. Одан әрі, Моңғолия мен Ресейден өтіп Қазақстанға жеткен. Біздің елде Қостанайдан басқа Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында болды. Биылғы сапар 35 күнге созылып, қатысушылар 15 мың шақырымды жүріп өтуі тиіс. Ретро ралли шеруі 7-ші шілде күні Париж қаласында мәреге жетеді.

 

Алай Насирдинов, ретро-раллидің ұйымдастырушысы:

 

Біз Пекиннен шыққанымызда шеру сапында 120 автокөлік болған. Қазір соның 100 шақтысы ғана қалды. Ссебебі көліктер өте ескі, көбіне 100 жылдан асқан, біраз автокөлік Монғолияда сынып қалды.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу