Американың «Форд» автоконцерні 2 мыңдай жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Американың «Форд» автоконцерні 2 мыңдай жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады

28.06.2019

Американың «Форд» автоконцерні Еуропада келесі жылдың соңына дейін 12 мыңдай жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады. Осылайша, ол штат санын азайта отырып, кірісін бұрынғы қалпына келтіруді көздеп отыр.

Жалпы алғанда, «Форд» Ресейде үш зауытын жабады. Сонымен қатар, оның Франция мен Уэльстегі өндіріс орындары да қызметін тоқтатпақ.

Компания қысқартудан үнемдеген қаржылы электромобильдер мен жүргізушісіз көліктерді дамытуға бағыттайды.Өзге бір мәліметтерге қарағанда, «Фордтың» Еуропадағы автомобиль саудасы биыл бір пайызға кемиді деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу