Иран «ядролық келісім» бойынша рұқсат етілген байытылған уран мөлшерін асырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран «ядролық келісім» бойынша рұқсат етілген байытылған уран мөлшерін асырды

02.07.2019

Бұл турасында «Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік» хабарлап отыр.

Мамырда Иран байытылған уран өндірісін 4 есе арттырған. Ал, 2015 жылы әлем державаларымен жасалған шартқа сәйкес, оны тек 300 келіге дейін сақтауға болады. Өйткені, бұл материал атом реакторлары үшін отын ретінде және атом бомбасын жасауға қолданылуы мүмкін.

Былтыр мамырда АҚШ Ислам Республикасын ядролық бағдарлама бойынша міндеттерін орындамайды деп айыптап, сол тарихи шарттан шығып кетті. Сонымен қатар, Вашингтон Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтірді. Ал, өзіне тағылған кінәні жоққа шығарған Тегеран Құрама Штаттардың осы әрекетіне жауап ретінде уранды бұрынғыдан да көптеп байытуға кірісіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу