Ресейдің Иркутск облысында су тасқыны құрбандарының саны 14-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Иркутск облысында су тасқыны құрбандарының саны 14-ке жетті

02.07.2019

Тағы 13 адам - жоғалып кеткендер қатарында. Мұны елдің Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін хабарлады.

Жалпы алғанда, 1300-ден астам адам жараланған. Солардың 41-і – балалар. Сонымен қатар, екі жарым мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір су тартылып келеді. Сондықтан, көптеген елді мекендерде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Маусымның 25-де басталған алапат тасқынға толассыз жаңбыр мен тау басындағы қардың еруі себепші.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу