Жапонияда 31 жылдан бері алғаш рет киттерді коммерциялық мақсатта аулауға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 31 жылдан бері алғаш рет киттерді коммерциялық мақсатта аулауға рұқсат берілді

02.07.2019

Бұған дейін Токио оларды ғылыми зерттеу үшін ұстағанын мәлімдеп келді.

Дүйсенбі күні бес кеме теңізге шыққан. Солардың бірі Кусиро портына олжамен оралды. Ауға түскен алғашқы киттің ұзындығы - сегіз метр, салмағы - бес жарым тоннадай.

Жапонияның бұл әрекеті әлем табиғат жанашыларының наразылығын тудырды. Алайда, Токио жойылуға шақ қалған теңіз сүткқоректілеріне аулап жатпағанын мәлімдеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу