Латын Америкасында миллиондаған адам Күннің толық тұтылған сәтін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын Америкасында миллиондаған адам Күннің толық тұтылған сәтін тамашалады

03.07.2019

Астрономиялық құбылысты көру үшін Чилидің солтүстігіндегі Атакама шөліне жүздеген мың турист барды.

Жер мен Күннің ортасынан Ай өткенде Күн осылай тұтас тұтылады. Және де соның нәтижесінде айналаны қараңғылық басады.

Чили Астрономиялық қоғамының мәлімдеуінше, бұл аймақ мұндай құбылысқа 1592 жылдан бері алғаш рет куә болып отыр. Келесі жолы бұл аймақта Күн 2165 жылы толық тұтылады деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу