Италияның Стромболи аралында жанартау атқылап, 1 турист қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Стромболи аралында жанартау атқылап, 1 турист қаза тапты

04.07.2019

Тағы біреуі жараланды. Олар вулкан күтпеген жерден оянғанда, тау бөктерін аралап жүрсе керек. Құтқарушылар зардап шеккендерге таудан ұшқан тас тиген деп отыр. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс дауысы 20 шақырым жерге дейін естілген.

 

Жан-жаққа шашыраған ыстық күл мен аққан лавадан аралдың батыс бөлігі жана бастаған. Сондықтан, өртті сөндіру үшін әуе техникасын қолдануға тура келді.

 

Биіктігі 924 метрлік жанартау - әлемдегі ең белсенді вулкандардың бірі. Ол 1932 жылдан бері оқтын-оқтын атқылап тұрады. Бұл табиғи құбылысты тамашалау үшін аралға туристер көптеп барады.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу