Еуропа Одағының санкциясына қарамастан Сирияға мұнай апара жатқан танкер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағының санкциясына қарамастан Сирияға мұнай апара жатқан танкер ұсталды

04.07.2019

Гибралтар жағалауында Еуропа одағының санкцияларын бұзып, Сирияға мұнай апара жатыр деген күдікпен супер танкер тұтқындалды. Бұл оқиға Иран мен Батыс арасындағы шиеленісті тіпті ушықтырады деген болжам бар. Испания сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, британдық теңізшілер кемені Вашингтонның бұйрығымен тоқтатты. Ал «Рейтердің» дерегінше, танкердегі конденсат құжат бойынша Ирактікі деп көрсетілгенімен, шын мәнінде Иранда тиелген.

Еуропа одағы бір кездері Сирия үкіметі халқын қуғын-сүргінге ұшыратты деп, президент Башар Асадпен байланысты 270 адам мен 70 ұйымға және компанияға санкция жариялады. Сол шектеулерге сәйкес, бұл араб республикасына мұнай сатылмауы керек. Ал АҚШ  биыл Иранның энергетикалық шикізат экспортына тыйым салғаны белгілі. Сонымен қатар, Құрама Штаттардың қаржы министрлігі қараша айында ресейлік және ирандық компанияларды Сирияға мұнай тасымалдағаны үшін қара тізімге енгізіп, америкалық санкцияларды бұзғандардың үлкен қауіпке душар болатынын ескерткен еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу