Мәскеу маңында жылу электр орталығы өртеніп, 12 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу маңында жылу электр орталығы өртеніп, 12 адам жараланды

11.07.2019

Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында жылу электр орталығынан өрт шығып, 12 адам зардап шекті. Олар күйік шалу, иіс тию белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Өрт – аса қауіпті үшінші деңгейлі деп танылды. Лапылдаған жалын 50 метр биіктікке дейін жеткен.

Газ станциясында тұтанған от газ құбырларын, техникалық және әкімшілік ғимаратты шарпыды. Тілсіз жаумен күрсеуге ондаған техника мен тікұшақ жұмылдырылған. Ол 1 сағат 20 минутта ауыздықталды.

Биліктің айтуынша, тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету тоқтатылмайды. Ол үшін қосымша электр генераторы іске қосылған.

Әзірге өрттің неден болғаны белгісіз. Қазір төтенше жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу