Владимир Зеленский Чернобыль қаласын туристер үшін ашық деп жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Зеленский Чернобыль қаласын туристер үшін ашық деп жариялады

11.07.2019

Украина президенті Владимир Зеленский туристерге Чернобыль аумағында саяхаттауға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар енді атом электр станциясының маңында бейнежазба жасауға тыйым салынбайды. Осылайша мемлекет басшысы техногендік апат болған қалаға жаңа дем беріп, оны туристік орталыққа айналдырмақ. Дегенмен  бұл бастамаға станцияда жұмыс істеген адамдар қарсылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, Чернобыльге әлі 100 жылдай тірі жан аяқ баспауы тиіс. Себебі электр станциясының үстінен салынған қорғаныс нысанында жарықшалар болуы мүмкін. Сондықтан радиацияның таралу қаупі бар.

Дегенмен  мамандар бұл – ел экономикасын көтеруге ықпалын тигізеді дейді. Бұған «Чернобыль» телехикаясынан кейін қаланы көруге сұраныстың өсіп, оған баруға ниет білдірушілердің көптігі түрткі болған.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу