Чилидің Осорно қаласында тұрғындар төрт күннен бері сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилидің Осорно қаласында тұрғындар төрт күннен бері сусыз отыр

16.07.2019

Чилидің Осорно қаласында 4 күн бойы су болмай, халық наразылық білдіріп, көшелерге шықты. Олар тіршілік нәрінің қашан берілетінін айтуды талап етіп отыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Рахуэ өзеніне 1000 литрдей жанармай төгілген. Соның салдарынан қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесі ластанып, құбыр жұмысы тоқтап қалды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, одан 200 мыңдай тұрғын зардап шегіп отыр. Адамдар ауызсудың тапшы екенін айтып, шағымдануда.

Қазір өзеннің ластануына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қала басшылығы оқиға бойынша сумен қамсыздандыру компаниясына ірі айыппұл салатынын айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу