Украинада мемлекеттік тіл туралы заң күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада мемлекеттік тіл туралы заң күшіне енді

16.07.2019

Украинада «мемлекеттік тіл туралы заң» күшіне енді. Ол бойынша украин тілі ел аумағындағы жалғыз мемлекеттік тіл болып танылады. Енді мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тек қана ана тілін қолдануы тиіс. Теле және радио хабарларын тарату басқа тілде де жүруі мүмкін, дегенмен аталған контенттің 75 пайызы мемлекеттік тілде болуы керек. Ал кітаптар, баспа құралдары, газет-журналдар үшін бұл көрсеткіш 50 пайызды құрайды. Жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынушыларға украин тілінде қызмет көрсетеді. Ал лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілді білмегені, не оны бұрмалағаны үшін жаза қолданылмақ. Сонымен қатар аталған заңмен тіл үйренгісі келетін ересектер үшін тегін курстар ұйымдастыру да қарастырылған.

 

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу