Нил Армстронгтың скафандры музейге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нил Армстронгтың скафандры музейге қайтарылды

17.07.2019

Айға алғаш қонған Нил Армстронгтың әйгілі скафандры жұрт назарына қайта ұсынылды. Енді оны Вашингтондағы «Смитсон Әуе және астронавтика музейінде» тамашалауға болады.

Салтанатты шараға астронавтың ұлы Рик Армстронг пен АҚШ вице-президенті Майк Пенс қатысты. Саясаткер Армстронгты «Айды бағындырған батыр» деп атады.

Соңғы 13 жыл бойы скафандр зертханада болған. Музей қызметкерлері оған қолданылған материалдар мен құрылғыларға жіті зерттеу жүргізді. Ал, Ай бетін алғаш басқан астронавтың аяқ киімі салмақтың ауырлығына байланысты Жер серігінде қалып кеткен екен.

Айта кетсек, биыл «Аполлон-11» айға ұшу миссиясына - 50 жыл.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу