Бұл негізінен мал бағумен айналысатын өңір үшін тым аз. Ата кәсіпті өркендетіп, мал басын көбейтуге қаржы ғана емес, жан-жақты көмек керек.
Осы жолда Кегендік кәсіпкерлер «Нұрлы жол» жүктеген міндетті қолдайды.
Әсіресе, Жолдаудың жетінші тармағында көрсетілген - орта және шағын кәсіпкерлікті қолдаудан аймақтағы экспортқа ет шығаратын 65 шаруа қожалығы көп көмек күтеді.
Кеген ауданында бүгінде 97 500 ірі-қара, 57 800 жылқы және 425 мың бас қой-ешкі бар. Табиғаты қатал өлкеде мал ұстау 6 ай қыстан аман алып шығу оңай емес.
Осы мақсатта биыл 274 мың тонна азық пен 6 мың тонна жем дайындалды.
Жазира ИСАЕВА