Қытай коммерциялық ракета көмегімен орбитаға екі жерсерікті жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай коммерциялық ракета көмегімен орбитаға екі жерсерікті жеткізді

25.07.2019

«Гипербола-1» ғарыш кемесі бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:00-де ұшырылды. Жоспарлы уақыттан кейін жерсеріктер мен пайдалы жүк межелі кеңістікке сәтті жеткен.

Бұл - ғарыш саласындағы қытайлық жеке компаниялар үшін тарихи маңызды оқиға. Себебі елдегі коммерциялық ракета-тасымалдағыш алғаш рет өз миссиясын сәтті орындады. Бұған дейін мұндай әрекеттерді жергілікті екі ғарыштық компания жүзеге асырмақ болған. Алайда екеуі де сәтсіздікке ұшырады.

Аталған жерсеріктер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қытай ғарыш саласындағы ұлттық бағдарламаларды белсенді дамытып жатыр. Ал 2020-2025 жылдары Ай мен Марсты жіті зерттеуді жоспарлап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу