Ауғанстанда жол бойындағы бомба жарылысынан бір үйдің 9 адамы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жол бойындағы бомба жарылысынан бір үйдің 9 адамы қаза тапты

25.07.2019

Ауғанстанда үйлену тойына кетіп бара жатқан көлік жол бойына қойылған бомбаға тап болып, жойқын жарылыстан бір отбасының тоғыз мүшесі қаза тапты. Қайғылы оқиға елдің шығысындағы Нангархар провинциясында бүгін болды. Құрбандардың алтауы – әйелдер, үшеуі – балалар. Жарылғыш затты содырлар жасырды деген күдік бар. Ал АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, бүгін Кабулде үш бомба жарылып, 15 адам мерт болып, 50 шақтысы жараланды. Алапат шабуылдарды «Талибан» қозғалысы өз мойнына алған.

2001 жылы биліктен құлатылған тәліптер Ауғанстанда шариғат заңдарын енгізу үшін үкіметпен және шетел әскерімен соғыс жүргізіп жатқаны белгілі. 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу