Солтүстік Корея екі зымыранды сынақтан өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея екі зымыранды сынақтан өткізді

26.07.2019

Солтүстік Корея бейсенбі күні ұшырған екі ракетасын «соғысшыл» Оңтүстік Корея үшін маңызды ескерту деп атады. Ракеталар елдің шығыс жағалауынан Жапон теңізіне жіберілген. Сынақты мемлекет лидері Ким Чен Ын тамашалады. Оның сөзінше, Пхеньян потенциалдық қауіпті жою үшін қаруын жетілдіруге мәжбүр. Және де Ким жаңа тактикалық арсеналға қанағаттанатынын айтып, одан қорғану оңай болмайтынын ескертті.

Бірқатар бақылаушылардың ойынша, бұл тәжірибе Корей түбегін ядролық қарудан тазарту жөніндегі келіссөздерді қайта жандандыруға күмәнді күшейте түседі.

Оңтүстік Корея да, АҚШ та Солтүстік Кореяның қысқа қашықтыққа арналған зымыран ұшырғанын растады. Айта кетсек, Пхеньян зымырандарды Сеул мен Вашингтон келесі айда бірлесіп әскери жаттығу өткізетінін жариялағаннан кейін ұшырып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу