Украинаның экс-президенті Петр Порошенкоға шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның экс-президенті Петр Порошенкоға шабуыл жасалды

26.07.2019

Киевте Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың автокөлігіне шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, машинаға «Азов» полкінің бұрынғы жауынгері Никита Макеев секіріп мініп, Порошенконың оққағарларының бетіне газ шашқан. Макеев осылайша украиндық әскерилер сауытының осалдығын білдіргісі келіпті. Сонымен қатар Ресейдің бұрынғы азаматы сепаратистермен соғыса жүріп, Украина азаматтығын ала алмағаны үшін Порошенкодан кек алмақшы болған. Бұл оқиға Мемлекеттік тергеу бюросы ғимаратының маңында болды. Ол жерге Петр Порошенко салықтан жалтару ісіне байланысты жауап беру үшін бара жатқан. Елдің экс-президенті кеме жасау зауытының сатылуына байланысты қазір тергеуге тартылып отыр. Алайда ол саясаттан кеткен жоқ. Жексенбі күні өткен парламенттік сайлауда Порошенконың партиясы Жоғарғы рададан бірнеше орын иеленді.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу