Ресейде Сібір өңірін тасқын жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Сібір өңірін тасқын жайлады

30.07.2019

Бір ай бұрын су басқан елді мекендерге табиғи апат тағы қауіп төндіруде. Сенбі күні жауған жауын-шашын мөлшері бір айлық көрсеткішке жеткен. Соның салдарынан, Зея және Амур өзендері арнасынан тасып, бірнеше ауылды су басты. Сонымен қатар, Хабаровск өлкесі мен Амур облысын да тасқын жайлап, жүздеген үй бүлінді. Өңірден 2 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Және де Сібірге апаратын Р-255 ірі тас жолы жабылып, 5 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Мамандар жаңбыр тоқтамаса, алдағы уақытта су деңгейі тағы көтеріледі деп отыр. Сондықтан тұрғындарға қауіпсіз жерге көшіп, сақ болу ескертілді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу