АҚШ-тың Мексикамен шекарасындағы қабырғаға бірнеше қызғылт әткеншек орнатылды. Арт-жобаның авторы — америкалық сәулетші Рональд Раэль. Ол мұндай шешімді дуалдың ар жақ – бер жағындағы балалар мен ересектер бір-бірімен достасып, уақытты көңілді өткізсін деген оймен қабылдаған. Бұл — екі ел тұрғындарының араласып, байланыс орнатуы үшін тағы бір мүмкіндік. Раэль әткеншектер – қос мемлекет арасындағы биіктігі 9 метрлік «кедергіні» елемеуге көмектеседі деп сенім білдірді.
Айта кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің сайлауалды бағдарламасында Мексикамен шекарада қабырға тұрғызатынын мәлімдеген еді. Қазір оның біраз бөлігі салынды. Дегенмен Конгресс құрылысқа қаражат бөлуден бас тартқан соң, бұл жобаны жүзеге асыру қиынға соғып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ