Сауд Арабиясында әйелдерге өздігінен саяхаттауға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында әйелдерге өздігінен саяхаттауға рұқсат берілді

02.08.2019

Сауд Арабиясы әйелдерге өздігінен саяхаттауға рұқсат беретін заң қабылдады. Яғни бұдан былай оларға алыс-жақын сапарға аттану үшін отбасындағы ер адамнан рұқсат алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ел билігі әйел кісілерге қатысты тағы бірқатар заңдарға өзгеріс енгізді. Айталық, енді 21 жасқа толған кез-келген адам өздігінен шетелдік төлқұжат рәсімдей алады. Және де әйелдерге бала туу, неке қию, ажырасуды тіркеуден өткізіп, отбасылық құжаттарды алуға да құқық берілді. 

Айта кетсек, Сауд Арабиясы әйелдердің мәртебесі мен құқығын шектеп отыр деп әлем елдерінің сынына жиі ұшырайды. Дегенмен 2015 жылы корольдік басшылығына Салман ибн Абдул-Азиз әс-Сауд келген соң, жағдай біршама өзгерді. Сол жылы әйелдерге сайлауда дауыс беруге, 2017 жылы ер адамның рұқсатынсыз мемлекеттік қызметтерді алуға, ал 2018 жылы көлік жүргізуге рұқсат берілді.  

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу