Президент Ердоған Сирияға әскер кіргізетінін хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ердоған Сирияға әскер кіргізетінін хабарлады

06.08.2019

Түркия Сирияның солтүстігіне әскер кіргізгісі келеді. Егер бұлай етпесе, кейін көп құн төлеуі мүмкін. Мұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоған Анкарада елшілермен өткен кездесуде мәлімдеді. Ол Ефрат өзенінің шығыс жағасындағы күрдтер бақылауындағы аудандарға қарулы күштерін апта соңында жөнелтуге уәде беріп отыр. Ердоғанның ойынша, лаңкестік қауіп төндіретін күрд отрядтары шекарадан мейлінше алыстатылуы керек. Алайда, сол күрд жасақтарын «Даишпен» соғыста қаруландырып, қолдаған Вашингтон Түркияның Сирияға әскер кіргізуіне жол бермейтінін ескертіп, бүгін мәлімдеме жасады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу