2,5 млн доллардың алтын монеталары ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2,5 млн доллардың алтын монеталары ұрланды

07.08.2019

Мексикада қарулы адамдар мемлекеттік монета сарайына басып кіріп, 2 жарым миллион доллардың алтын тиындарын алып кетті. Олар ішке енгенде сейф ашық тұрған. Мұны қауіпсіздік қызметінің өкілдері бүгін мәлімдеді.

Шабуыл күн шыққаннан кейін жасалған. Екі адам күзетшіні жығып, қаруын тартып алған. Содан кейін тонаушылардың бірі ашық тұрған сейфтегі 1567 дана монетаны рюкзакқа толтырғаннан кейін шабуылшылар сыртқа шығып, тайып тұрған. Қолды болған металл ақша 1921 жылы Мексиканың Испаниядан тәуелсіздік алуының 100-жылдығына арналып соғылған екен.

 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу