Әлем нарығында акциялар бағасы құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем нарығында акциялар бағасы құлады

15.08.2019

Нью-Йорк биржасында үш негізгі индекс бірден үш пайызға арзандаған. Еуропа мен Азияда да құнды қағаздар нарқы біршама түсті.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, инвесторлардың акцияларды жаппай сатуына АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әлем экономикасын рецессияға ұшыратуы мүмкін деген қауіп себепші. Бұған қоса Германия мен Қытайдағы өндіріс өсімі туралы мәліметтер де мардымсыз болып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу