Мәскеу соты Қырым жағалауында қолға түскен украиналық жауынгерлерге қатысты шешімін өзгертпей, оларды әрі қарай қамауда ұстау туралы шешім шығарды.
Ресей Украинаның үш кемесі мен оның экипаж мүшелерін былтыр қараша айында тұтқындады. Бұл мәселені президент Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленский таяуда телефон арқылы талқылаған еді. Алайда, ол келіссөздер әзірге оңтайлы нәтиже бермей отыр.
Ресми Мәскеудің мәлімдеуінше, украиналық теңізшілер Ресейдің территориялық суларына былтыр заңсыз енді. Алайда Киев бұл айыпты үнемі жоққа шығарып келеді.
Арыстан РЫСБЕК