Түркия конвойына шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия конвойына шабуыл жасалды

20.08.2019

Сирияның солтүстік-батысында Түркияның әскери конвойына әуеден соққы беріліп, үш бейбіт тұрғын қаза тауып, 12-сі жараланды. Айта кетсек, бұл оқиға Сирия армиясы көтерілісшілермен соғыста басымдық байқатқан шақта болып отыр.

Анкара осы аймақта кейбір оппозициялық күштерді қолдап отыр. Және де Түркия Сирия үкіметінің одақтасы - Ресеймен жасалған келісім бойынша Идлиб провинциясына он шақты әскери бекет орнатқан еді. Сондағы мақсаты – жеңіліске ұшырап жатқан оппозиция қарамағындағы аудандардан түрік жеріне миллиондаған босқынның өтуіне жол бермеу.

Дегенмен, бұған дейін араб ақпарат құралдары Сирияға түрік қарулы күштерінің кіруін басқыншылық актісі деп атады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу