Израиль премьерінің әйелі өзіне ұсынған нанды жерге тастағаны үшін сынға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль премьерінің әйелі өзіне ұсынған нанды жерге тастағаны үшін сынға ұшырады

21.08.2019

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әйелі Сара Нетаньяху Киевте өзіне ұсынылған нан мен тұзды жерге тастады. Сол үшін ол қазір әлеуметтік желіде үлкен сынға ұшырап отыр. Еврей мемлекеті үкімет басшысының өзі каравайдан дәм татқаннан кейін жұбайына нан үзіп берді. Алайда, әйелі оны қабылдамады. Дегенмен, Нетаньяху зайыбының бұл әрекет қате болғанын жоққа шығарып отыр. Ал израильдік раввиндердің бірінің айтуынша, каравай Израильдің дәстүрлі кошер наны болмағандықтан, Сара Нетаньяху оны жеуден бас тартқан.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу