«Silk Way Star»-да ел үмітін ақтап жүрген Айқын ессіз махаббаттың ескерткішіне айналған әнді шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star»-да ел үмітін ақтап жүрген Айқын ессіз махаббаттың ескерткішіне айналған әнді шырқады

12.11.2017

«Silk Way Star» жобасында еліміздің үмітін ақтап жүрген дарынды әнші Айқын жиырмасыншы ғасырдың басындағы Мулен Ружға соғып, тағы бір ессіз махаббаттың ескерткішіне айналған әнді шырқады.

 

Бұл жолы Қазақ елінің жарық жұлдызы Айқын Төлепберген «Come what may» әнін орындады. Аталған туындыға қатысты Айқын өз ойын білдіріп, әннің вокалды емес, сезімді көрсететін шығарма екенін атап өтіп, бесінші жарыс күнінде өзінің сезімін барынша көрсетуге тырысатынын жеткізді.

 

Қазылар алқасының мүшесі Хакан Солакер (Түркия):

 

- Өте керемет орындап шықтың. Бұл - күрделі әндердің бірі. Бірақ, сен мүдірмедің. Бізді Парижге апарып келгендей болдың, тамаша сезім сыйладың. Көп рахмет, саған. Жарайсың!

Хабарламаларға жазылу