«Silk Way Star» сахнасына келесі болып Әзірбайжанның намысын қорғауға келген Ефенди шықты. Алтыншы жарыс күні ол «Лашын» әнін айтты.
Әншінің айтуынша, бұл Әзірбайжанның жеті ауданы секілді басқыншылықты көрген қаһарман қала туралы ән. Ефенди бұл шығарманы Қарабах шайқасында ерлікпен қаза тапқан жандарға арнады.
Қазылар алқасының мүшесі Лұқпан Жолдасов:
- Әзірбайжан музыкасы маған өте таныс. Сондықтан, шығыс музыкасын жақсы көремін. Бұған дейін марштық әндер орындалды. Соған қарамастан, осы орындау маған қатты ұнады. Себебі, бұл жерде жүрек жатыр, халықтың зары жатыр.