Бүгін таңғы бағдарламада қонақта болған топ мүшелері топтық жұмыстың жеке әнші болудағы ерекшеліктеріне қатысты пікірлерімен бөлісті.
«Топ болып жұмыс істеген әлдеқайда қиын. Себебі, жалғыз әнші өзіне ғана лайықты әнді таңдайды. Ал, біздер төртеуміз. Төрт өңірдің адамдарымыз, дауысымыз да төрт түрлі, мінездеріміз де әрқалай. Есесіне, топта ән айту сахнаға жалғыз шыққанға қарағанда сенімдірек. Қобалжу аз болады»,-дейді.
Сонымен қатар, шығармашылықтарындағы жаңалықтарына тоқталған жігіттер:
«Осы күнге дейін жарыққа шыққан он шақты әніміз бар. Бұл – бір жарым жылдың нәтижесі. Енді көктемде тағы бірер ән қосып, бас-аяғы 14-15 әнге толтырамыз. Жуырда «Достарым» деген әнге бейнебаян түсірілді»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.