Зируза: «Атамның анасының есімі – Зируза» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зируза: «Атамның анасының есімі – Зируза»

09.04.2018

Қазақ эстрадасында енді танылып келе жатқан жас әнші Зируза «Түнгі студия» бағдарламасында қонақ болды.

«Зируза деп атам қойған. Бұл - менің шын есімім. Араб тілінен алынған есім. Сондай-ақ, атамның анасының есімі – Зируза».

Сондай-ақ, әнші продюсері Ерлан Әлімовпен қалай танысқанын да айтып берді: «Әлеуметтік желі арқылы ол кісінің жұбайы мені тауып алып, хат жазды. Instagram-да көптеген ән айтқан видеоларымды салатынмын. Содан кейін мені көріп, танысып, әрі қарай жұмысымыз басталып кетті».

Зирузаның жанкүйерлері «Loyals» деп аталады. Оның мағынасы – «адал жандар» дегенді білдіреді.  

Хабарламаларға жазылу