Назым Меденова: «Десең, иә!» әні арқылы ерлі-зайыптылардың арасындағы қалжыңды көрсеткіміз келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назым Меденова: «Десең, иә!» әні арқылы ерлі-зайыптылардың арасындағы қалжыңды көрсеткіміз келді

01.06.2018

«Түнгі студия» бағдарламасында қазақ эстрада өнеріндегі танымал ағайынды Меденовтер қонақ болды. Айдана, Назым және Ермек балалық шақтағы қызықтарымен, естеліктерімен бөлісті.

Назым Меденова: «Балалық шағымыз өте керемет өтті. Кішкентайымыздан өнерге баулыды. Әндерімізді айтқызды. Тойларға шықтық. Ақша таптық. Ермек екеуміз дуэт болдық». 

Назым Меденова қазір жолдасы Дәуренмен «DN» тобын құрып, бір сахнада өнер көрсетіп жүр. «Жолдасым Дәурен екеуміз «Десең, иә!» әні арқылы ерлі-зайыптылардың арасындағы қалжыңды көрсеткіміз келді. Сөзін жолдасым өзі жазды. Сондай-ақ, Айдананың, Ермектің орындауындағы ән мәтіндерің авторы».

Ал, Ермек Меденов саксофон аспабын таңдауы туралы: «Батырхан ағамызға еліктедім. 1996 жылы «А-studio» тобының барлық таспаларын жаттап алған болатынмын. Сол кезде осы аспапты меңгеруді армандадым», -дейді.

Хабарламаларға жазылу