Алматыда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына кірген өнертапқыш, «Әлеуметтік маңызы бар жоба» номинациясының жүлдегері Мәулен Бектұрғановпен кездесу өтті. Бионикалық протез деген қолынан айырылған жандарға затты ұстап, сезінуге мүмкіндік беретін жасанды қол-аяқ. Бұлар механикалық протездер болғандықтан, оны ауыстырып, басқару көп уақыт алады. Ал, Мәуленнің бионикалық протезі сенсор арқылы басқарылып, қолды еркін қимылдатуға мүмкіндік береді. Компьютерлік алгоритмдер, құрылғыдан алған электр сигналдарын жүйке тамырына жеткізіп, түрлі заттарды ұстағанда сезуге әсерін тигізеді.
Мәулен Бектұрғанов, өнертапқыш:
- Жастарға айтарым, ең бастысы, мақсат қоя білу керек. Мақсат болған жағдайда жолыңнан адаспай жеңістерге жетесің. Ғылымда ешқашан бастаған ісіңді тастамай, соңына дейін жеткізу керек. Сонда ғана үлкен шыңдарды бағындыруға болады.
Руслан ҚОСАНОВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.