«Нағыз батырлардың құпиялары». Алматыда осындай атаумен ІV бейресми конференция өтті. Оған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық байқауының жеңімпаздары қатысты.
Олар жиналғандармен табысқа жету сырларымен бөлісті. Коммуникативтік және мотивациялық іс-шарада әр жеңімпаз басқа түскен ауыртпалықтар мен қиындықтардан шығудың жолдарын айтты. Мәселен, 20 жастағы алматылық Серік Есматов осыдан 7 жыл бұрын жүк көлігінің астына түсіп, аяғынан айырылған. Қазір протезбен жүреді. Алайда, қиындыққа мойымай, жігері жасымаған жас жігіт керісінше көпшілікке қолдау көрсетіп, көмек береді.
Серік Есматов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы:
- Жобадағы жеңісімнен кейін менің өмірім түбегейлі өзгерді. Телефоныма тыныштық болмады. БАҚ өкілдерінің тарапынан қызығушылық артты. Белсенді блогерлер мен танымал кәсіпкерлер мені қолдап, етене араласа бастадық. Менің кемістігім өмірдегі басты артықшылығыма айналды. Жағдайлары мүшкіл, кемтар жандарға қанат бітіріп, мотивация беремін.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.