Ақмола облысында жастар лагері жұмысын жалғастыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жастар лагері жұмысын жалғастыруда

16.08.2018

Ақмола облысында «Зерен» республикалық жастар білім беру лагері жұмыс істеп жатыр. Лагерь еліміздің барлық аймақтарынан келген 300 қатысушыны қамтымақ. Олардың қатарында жастар ұйымдарының көшбасшылары, жас кәсіпкерлер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының өкілдері бар. Лагерь 3 ауысымға бөлінген. Алғашқысы «digital-ұрпақ» деп аталады. Бұл тақырып бойынша сандық заманауи озық технологиялар жайлы дәрістер оқылды. Екінші ауысым – «жаңғыру трендтері». Бұл кезең Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналмақ. «Бизнес сиқыры» деп аталатын соңғы ауысым жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Бірінші ауысымда ІТ-технологиялар талқыланды. Сондықтан, осы салада еңбек етіп жүрген жастар жиналған. Олардың көпшілігінде өздерінің жобалары да бар. Лагерьде семинарлар, тренингтер, сұхбат алаңдары, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылуда. Қатысушылар тақырыптық жобалар әзірлейді. Олардың үздіктері іріктеліп дерекқорға жиналмақ. Нәтижесінде болашақта іске асырылатын жобалар тізімі жасалады. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу