Елімізде Қазақстан тарихын зерттейтін ғылыми орталық құрылуы мүмкін. Маңызды ұсыныс «Рухани жаңғыру -Тарихи сананы қалыптастыру» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында жасалды. Бас шаһарда өткен жиынға Түркия, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларусьтің танымал ғалымдары келді. Еліміздің жетекші ғалымдарымен жүздескен шетелдік мамандар осы бағытта бірнеше жобаны жүзеге асыруға ниетті. Тарихшылар «ел тарихын әлі де болса тереңірек зерттеу керек», дейді.
Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Қазақ диаспорасының тарихын қайта зерттеп жатырмыз. 4-5 млн. қазақ азаматы шетелде тұрып жатыр. Ал, олардың кетуі, қазіргі жағдайы, қайту мәселесі сияқты көптеген дүниелер тарихи зерттеулерді қажет етеді.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.