Жалақы мен жәрдемақы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалақы мен жәрдемақы өседі

19.01.2014
Жалақы мен жәрдемақы өседі
Ең озық 30 елдің қатарынан ойып тұрып орын алу үшін әлеуметтің әлді болғаны керек. Назарбаев ол үшін Жолдауда жалақы мен жәрдемақының өсетінін айтты. Сіз тыңдаңыз, біз баяндайық.
 
2016-шы жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы бірден 25 пайызға өседі. Ал, келер жылдың шілдесінде мемлекеттік қызметші категориясына кірмейтін азаматтық қызметкер ретінде жалақы алатындардың еңбекақысы жаңа тәртіппен есептеледі.
 
Осы санатқа кіретін денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың жалақысы 28 пайызға, білім саласындағыларда 29 пайызға дейін, әлеуметтік қызметшілердің еңбекақысы бірден 40 пайызға өседі.
 
Бұған қоса, мүгедектер мен асыраушысынан айырылған жанұяларға төленетін жәрдемақы көлемі де 25 пайызға ұлғаяды. Сондай-ақ, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы келер жылдың 1 шілдесінен 15 пайызға, 2016 жылдың 1 шілдесінен тағы 15 пайызға артады.
 
Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу