Есеп комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының жобаны жүзеге асырудағы жұмыстарын саралады.
Комитет өкілдерінің айтуынша, аймақта кейбір су құбырлар жүйесінің құрылыстары уақытынан кешеуілдеп жатыр.
Сондай-ақ, су тартылған ауыл-аймақтардағы жұмыстарда кемшіліктер бар.
Жиында сөз алған аймақ басшылары бұл жайлардың себебін түсіндіріп, алдағы уақытта осы саладағы олқылықтарды жоятындарына сендірді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ