Елбасы «Астана-Экспо-2017» Тұжырымдамасын құптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Астана-Экспо-2017» Тұжырымдамасын құптады

02.03.2014
Елбасы «Астана-Экспо-2017» Тұжырымдамасын құптады

Президент кешегі жұмада «Астана-Экспо-2017» архитектуралық жобасының Тұжырымдамасын құптады. Таңдауға  елу жоба ұсынылды.

 
Сонымен, көрменің негізгі архитектуралық кешені «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP»   компаниясы ұсынған жоба бойынша салынады. Нысан өзін- өзі қуат көзімен қамтамасыз етеді. Энергия күн көзі мен желден өндіріледі.
 
Ал, артылған энергия шаһарға да қуат таратуға жарайды. Жеңімпаз архитектуралық компанияның құрылтайшысы - Эдриан Смит. Әлемдегі ең биік 15 ғимараттың бесеуінің жобасын жасаған әйгілі архитектор. Президент компанияны құрылысқа тезірек кірісуге шақырды.

Хабарламаларға жазылу