«Денің сау болса, жарлымын деме» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Денің сау болса, жарлымын деме»

02.03.2014
«Денің сау болса, жарлымын деме»

«Денің сау болса, жарлымын деме» деген. Он екі мүшенің саулығынан асқан байлық жоқ бұл жалғанда. Президенттің Жолдауда денсаулық сақтау саласына қатысты айтқан тапсырмалары дәрігерлер тарапынан қолдау тауып отыр.

 
Осы аптада мәні айрықша құжатты ақ халаттылар Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықовамен қатар отырып, талқылады. Елбасы Жолдауда «Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты» деп атап көрсеткен.
 
Медицина саласының жақсаруына мемлекеттік бағдарламалардың да әсері мол. Мәселен, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы халық денсаулығын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып келеді.
 
Мысалы, елімізде өмір сүру ұзақтығы 2011 жылы 69 жас болса, 2013 жылы 70,3 жасқа жетті. Ал аналар өлімі көрсеткіші 6,7 пайызға, нәрестелер өлімі көрсеткіші 17 пайызға төмендеді.
 
Сала министрі Салидат Қайырбекованың айтуынша, Жолдауда жүктелген міндеттер бұлжытпай орындалса, халық санын 2050 жылға қарай 26 миллионға жеткізуге мүмкіндік бар.
 
Жалпы, Үкімет іске асып жатқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына оң баға берген. Алда енді екінші кезең басталады, демек дәрігерлер артылған сенім үдесінен шығуы тиіс.
 
Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Айта кетерлігі, биыл атқарылатын іс-шаралар алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ары қарай дамытуға негіз болып, амбулаториялық деңгейдің науқастардың 80 пайызына көмек көрсететін денсаулық сақтау саласының негізгі буынына айналады.

Хабарламаларға жазылу